Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АУЫР ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНДАР БАҚЫЛАУДА ТҰРДЫ.

АУЫР ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНДАР БАҚЫЛАУДА ТҰРДЫ.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Саховтың айтуынша: «Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды іздестіру бір күнге де тоқтатылмайды және ерекше бақылауда тұрды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Оның үстіне, ол жеке адамға қарсы жасалса. Осы мамыр айында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері «өткен жылдар» санатындағы қылмыстарды жасағаны үшін екі қылмыскерді ұстады. Қылмыстың бірі 2005 жылы болған. Кентау қаласының ПБ-не ауруханадан пышақ жарақатымен жас жігіттің жеткізілгені жөнінде хабарлама келіп түскен.
Тексеру барысында, жәбірленуші Кентау қаласындағы кафелердің бірінде болып, сол жерде жарақат алғаны анықталды. Осы жайт бойынша 2005 жылы ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыскерге іздеу жарияланды. Ол сол аралықтарда бой тасалап, қашып жүрген. Осы жылдар бойы полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын тоқтатпады, таныстар шеңберін және жасырынған қылмыскердің тұратын мекенжайын анықтады. 15 жылдан кейін полиция қызметкерлері іздестіріліп жатқан ер адамның ізіне шығып, оны Түркістан облысының бір елді мекенінен ұстады.
2015 жылы Түркістан қаласының ПБ-не жас әйелдің зорланғаны жөнінде арыз келіп түскен. Осы бойынша полицияда ҚР ҚК-нің 120-бабы «зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда, қылмыскер қылмыстық қудалаудан жасырынып үлгерген. Бес жыл алдын 35 жастағы ер адамды іздестіру ісі жүргізілген. 2020 жылы мамыр айының ортасында Түркістандық жедел уәкілдер Кентау қаласының маңындағы саяжай алқабында күдіктіні құрықтады. Тергеу барысында полицейлер оның осы уақыт аралығында Павлодар облысында жасырынғанын анықтады. Ол жақта да осыған ұқсас қылмыс жасап, оқушы қызды жәбірлеп, туған өлкесіне қайта оралған. Ол мұнда өзі туралы ұмытып кетті деп үміттенген. Зорлықшы тергеу изоляторында және жақын арада Павлодар облысына этапталатын болады. Онда оған қатысты біздің әріптестеріміз сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасау жайты бойынша істі сотқа жібереді.
Атап өтер болсақ, қылмыс жасаған қылмыскерлерді іздестіру бойынша криминалдық полиция жұмысы үздіксіз жүргізілуде. Нәтижесінде ақпаратты жинастыру және болжамдарды қайта тексеру қылмыстардың, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуына ықпал етеді. Жыл басынан бері Түркістан облысы ПД-нің полицейлері 52 қылмыскерді тауып ұстады, олардың 10-ы ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін іздестірілуде жүрген.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу