Түркістан облысы полицейлері ұялы телефоны мен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Бәйдібек АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында өзінің басқаруындағы автокөлігімен үйіне келе жатып, жол бойынша тоқтатқан ауылдасын мінгізіп алып, жеткізіп тастағанын айтады. Әрмен қарай өзі үйіне жеткен уақытта, көліктің ішінде тұрған «ОРРО А5» маркалы ұялы телефоны және ұялы телефон қаптағышында (Чехолда) тұрған 20.000 теңгесінің жоқ екенін байқап, полицейлерге хабар берген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталған.
Аудандық полицейлер орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жәбірленуші көрсеткен көршісінен жауап алынып, тиісті жұмыстар атқарылды. Тексеру нәтижесінде ауылдасы сол сәтте ішімдік ішудің салдарынан ұрлық жасағанын мойындады. Оның үйінен айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда орын алған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚР ҚК-нің «Ұрлық» бабымен жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері егер сіздің бағалы заттарыңыз жоғалып немесе ұрланса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер деп ескертеді. Бұл өз кезегінде қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік береді.
©️ DIDARBEK.kz