Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысында блок-бекеттерде қызмет еткен полицейлер марапатталды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары арасындағы блок-бекеттер алынатындығы баршаңызға белгілі. Осы тұста аталмыш блок-бекеттерде өз міндеттерін мінсіз атқарған полицейлерді Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының арнайы «Алғыс хатымен» ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков марапаттады.
Полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков полицейлерді марапаттау үшін арнайы Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы Сауран блок-бекетіне барды. Онда облыс аумағында коронавирус індетінің таралу жолдарының алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында күшейтілген режимде қызметтік міндеттерін адал атқарғандар полицейлермен тілдесіп, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың атынан алғысын жеткізді.
Өз кезегінде марапатқа ие болған полицейлер әрқашан халық үшін қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді. Оның ішіндеТО ПД ЖПҚ ППБ инспекторы полиция лейтенанты Нұрбол Кужимов: «Осы 2 айдан астам уақыт ішінде күні-түні қызмет атқардық. Күшейтілген режимде жұмыс істеу оңай емес. Дегенмен тұрғындардың амандығы, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы жолында шаршамаймыз. Бұл біздің міндетіміз екенін түсіне отырып, мінсіз қызмет атқаруға барымызды салдық. Сол себепті біздің еңбегімізді елеп-ескеріп, марапаттап отырғандарыңызға рахмет. Одан бөлек осы 2 ай блок-бекетте атқарған қызметіміз үшін қосымша сыйақыда берілді.
Барлығы үшін Министрлікке, ПД басшылығына ризамыз» -деп атап өтті. Айта кетер жайт Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланғаннан бастап 100-ге жуық блок-бекеттер қойылған болатын. Онда 1500-ге жуық тәртіп сақшылары қызмет етті. Төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін облыста 8 блок-бекет қалған болатын. Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы ұйымдастырылған іс-шараларға жұмылдырылған 1409 қызметкер ақшалай сыйақымен қамтамасыз етілген.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу