Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов тікелей эфирде халықпен тілдесті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
ТО ПД-нің «Фейсбук» әлеуметтік парақшасында, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының Кадр жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Халықов Бағлан Әнуарбекұлымен тікелей эфир өткізілді. Онда полиция полковнигі Б.Халықов Ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі жөнінде желі қолданушыларына ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Ал, 50-ге тарта тұрғындар тікелей эфир арқылы өздерінің көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Белсенділік танытқан азаматтардың қатарында Қазақстан Республикасына қызмет етіп, полицей болғысы келетіндер де болды. Оларға полиция полковнигі Б. Халықов бағыт-бағдар берді.
Өздеріңізге белгілі, бүгінде ашықтықты қамтамасыз етіп, азаматтарды қабылдап, олардың талап-тілектерін, өтініштерін, мәселелерін қарау — полиция қызметінің басты бағыттарының бірі. Сондықтан Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылығы бұны бақылауға алып, назардан тыс қалдырмайды.
Оған қоса, қазіргі карантин жағдайына байланысты халықтың қауіпсіздігі мақсатында азаматтарды жеке қабылдау тоқтатылып тұрса да, Түркістандық полицейлер тұрғындармен жазбаша, тікелей эфирлер, онлайн түрінде кері байланыс орнатуда. Бұл іс-шара соның бір көрінісі.
©️ DIDARBEK.kz