Түркістан облысы полицейлері тұрғынның ауласынан егілген сора тапты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, өзіне таныс азамат үйінде есірткі өсіретінін хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері кезекті егілген сораны тапты. Жедел уәкілдер Түлкібас ауданы тұрғынының үйінен есірткі өсімдігіне ұқсас, жасыл түсті өзіне тән хош иісі бар сора өсімдігін тауып, күдіктіні ұстады. Ер адам үй ауласындағы әжетхана жанында заңсыз қарасора еккені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде құрамында есірткісі бар 2 түп өсімдік тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша алынған зат «Сора» өсімдігі, жалпы салмағы 1 граммға жуық болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтап, тұрғынның үйінде сораны не мақсатпен өсіргенін тексеруде. Тергеу амалдары жүргізілуде.
©️ DIDARBEK.kz