Сарыағаштық тәртіп сақшылары қызмет бабында қайтыс болған полицейдің немересін мерекемен құттықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында ерекше іс-шара өткізілді.
«Адам ұрпағымен мың жасайды»- деген қасиетті сөз бар емес пе?! Осыған орай аудандық полицейлер 1988 жылы қылмыскерлерді ұстау барысында қайтыс болған Бақдәулет Елшинбековтың отбасына барып, оның немересін мерекесімен құттықтап қайтты. Қиын салада еңбек етіп, өзінің қызметін атқару барысында өмірден өткен полицей Бақдәулеттің отбасының, жұбайының жағдайын біліп, балаларға ойыншықтар таратты. Өз кезегінде Б.Елшинбековтың отбасы мүшелері, әрбір мерекеде ұмытпай құттықтап келетін тәртіп сақшыларына үлкен рахметтерін айтты. Жұмыстарына табыс, дендеріне саулық, биік абырой тіледі.
Түркістан облысы полицейлері бүгінгі күннің батыры саналатын, халқына аянбай қызмет ете жүріп, ажал құшқан полицейдің есімін, оның отбасын, ұрпағын ұмытпай, әрдайым қолдан келгенше қолдау білдіріп отырмақ.
©️ DIDARBEK.kz