Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте соңғы екі тәулікте коронавирус инфекциясынан 16 науқас жазылып, ауруханадан шығарылды. Дертінен айыққандардың басым бөлігі 50 жастан асқан азаматтар.

Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың ішінде 80 жастағы әжей бар. Қарт кісіден коронавирус инфекциясы дер кезінде анықталған. Нәтижесінде әжейді емдеу кезінде асқынулар болмады, дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ медицина мамандары 7 айлық жүктілік кезеңіндегі әйелден коронавирус инфекциясын анықтап, емдеу шараларын жүргізді. Екі аптаға жуық дәрігерлердің бақылауында болған аяғы ауыр әйелдің денсаулығы тұрақталып, 7-маусым күні ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 420 науқас дертінен айығып шықты.

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

Күн сайын өңірімізде коронавирус індетін жұқтырған азаматтар жазылып, барлық қиыншылықтарды артқа тастап, ертерек отбасымен қауышуларына тілектеспіз.

 

Пікір жазу