Елімізде орын алған пандемия көптеген игі бастамалардың аяғын шалды.
Дегенмен, карантин талапатарын бұзбай-ақ, біршама жұмыстарды жүзеге асыруға болады.
Бұл туралы Департамент басшысы Айбек Шілманов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында, «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалында және Түркістан қаласы әкімі аппараты жанындағы Халықтық кеңсе жұмыстарымен танысу барысында атап өтті.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілерді оқыту онлайн форматта жандандырылса, Халыққа қызмет көрсету орталықтары еріктілерді мемлекеттік қызметтерді цифрлық нысанда пайдалану дағдыларына оқыту бойынша практикалық жұмыстар жүргізуде.
Айбек Ақбергенұлы Түркістан қаласындағы Халықтық кеңсе жұмыстармен таныса келе, әлі де қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әрбір келушінің мәселесіне мұқият болу қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілірге медициналық бетперде киген келушілерді қабылдауды қамтамасыз ету, жұмыс орындарында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим мен қызмет алушылар арасында әлеуметтік қашықтықтықты сақтау маңыздылығы ескертілді.
©Өз тілшімізден