Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАЙНАМАЗ ТІГІП, КӘСІБІН ІЛГЕРІЛЕТТІ

ЖАЙНАМАЗ ТІГІП, КӘСІБІН ІЛГЕРІЛЕТТІ

Жайнамаз тігіп, жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Ордабасылық Ақниет Өскенбай атты келіншектің игі ісіне мемлекет қолдауы ерекше екпін берді. Қолының ебі бар келіншек бұған дейін балалар жөргегін, қыз жасауын тігіп, сүйікті ісін кәсіпке айналдырған болатын. Қазір арманы асқақ Ақниет үйде отырып-ақ, табыс тауып, тұтынушы сұранысын қамтып отыр, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Ақниет Өскенбайдың есімі ауыл-аймаққа етене таныс. Іскер келіншекке қыз жасауы, әшекей бұйымдар мен балалардың жөргегін тіктіруге тапсырыс берушілер көп. Сүйікті ісін ынта-ықыласпен істейтін кәсіпкер келіншек жақында мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды. Аз ақша емес. 3 млн. теңге. Сөйтіп, көпфункциялы тігін машинасын сатып алып, қазір діни бұйымдар тігіп жатыр.

Жайнамаз тұтынушының талғамы мен қалауы бойынша тігіледі. Көбінесе, тапсырыс берушілер жайнамазға есімін жаздыруды жөн көреді екен. Қазір Ақниеттің «Румиса» деп аталатын шағын кәсіпкерлік нысанында бас-аяғы  алты адам жұмыс істейді. Олар еңбегіне қарай ақы алады. Ал, аудандағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іс бастауға ниеттілерге бағыт-бағдар беруден танбақ емес.

Еңбек бәрін де жеңбек. Сүйікті ісінен еселеп табыс тауып отырған Ақниет бұл кәсіптің қыр-сырын өзгелерге де үйретіп жүр. Айтуынша, өзінен дәріс алғандардың да асығы алшысынан түсіп, тірлікті үршықша иіріп отыр. Қазір кәсіпкер келіншек тіккен діни бұйымдар Қазақстанның түкпір-түкіпірне жол тартуда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу