Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БАЙЛЫҚТЫҢ АТАСЫ ЕҢБЕК-АНАСЫ ЖЕР

БАЙЛЫҚТЫҢ АТАСЫ ЕҢБЕК-АНАСЫ ЖЕР

Байлықтың атасы еңбек-анасы жер. Cозақтық шаруалар көктемгі дала жұмыстарын толық аяқтады. Қыстың қамын жаз ойлаған шаруаларға карантин кедергі келтірген жоқ. Бір ғана Жартытөбе ауыл округінде 215 га жерге егіс егілді, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Несібесін жер анадан тапқан қарияның бірі Тұрсынбай Найманбайұлы. Жасы сексенге келсе де күннің ыстығына қарамай қырман басында. «Мереке» шаруа қожалығы бүгінде бау-бақша дақылдарын толық егуде. 4 га жерге картоп екті. Әр гектардан 30-35 тонна өнім алу жоспарланған.

Еңбек етем деген адамға жер бар. Жер жемісін береді. Жартытөбе ауыл округінде 97 шаруа қожалық, 3 ЖШС бар. Егін егумен қатар ата кәсібіміз мал шарушылығы басты назарда. Мал басын асылдандыру ісі жүйелі жүргізіліп келеді.  Мемлекет қамқорлығын қожалық иелері  пайдалануда. «Камила» ЖШС-нің төрағасы Рыскелді Сапарбаевтың ұсақ малдан бөлек 80 бас сиыры бар.  Енді облыс әкімінің тапсырмасына сай түйе шаруашылығына ден қоймақшы.

Рыскелді Сапарбаев —  «Камила» ЖШС-нің төрағасы:  Қазіргі таңда 80 бас сиыр бар.  Алдағы уақытта 200 басқа жеткізу жоспарда бар.  Егін шаруашылығында қатар алып жүрміз. Болашақта түйе шаруашылығын қолға алсақ деп отырмыз. Мал басын асылдандырып жатырмыз.

Айта кетейік, егіс науқаны уақытында ауа райы қолайлы болды. Бұл өз кезегінде егіннің мол шығуына септігін тигізеді,-дейді шаруалар.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу