Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қаратау аудандық басқармасы мен аудандық әкімдіктің, жергілікті полиция басқармасының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Нұрсәт» шағынауданындағы сауда және қызмет көрсету нысандарына кезекті мониторинг жүргізілді.

Тексеру барысында нысандарда маскалық режимнің сақталуы, санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелермен жабдықталуы, келушілер арасындағы арақашықтықтың сақталуы, қызметкерлердің санитариялық талапқа сай қызмет көрсетуі назарға алынды.

Сондай-ақ мамандар келушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Карантиндік режим талаптарын ішінара сақтамаған бірқатар нысан иелеріне ескертулер жасалды.

Жалпы Қаратау ауданда 50 адамнан жоғары қызмет көрсететін — 101 қоғамдық тамақтану орны, 45 мейрамхана бар. Бұдан бөлек 162 сауда орны қадағалауға алынған. Бүгінге дейін нысандарда өрескел тәртіп бұзушылыққа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылмаған.

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады.

@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу