Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАБУДА

МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАБУДА

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, эпидемиологиялық жағдайға қарсы іс-шаралар ауқымды түрде жүргізілуде.

Қазір қала әкімдігі бірыңғай дистрибьютормен бұрынғы 1 миллиард 800 миллион теңгеге жасалған келісімге қосымша тағы 207,1 миллионға өтінім берді, деп жазады Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Соның арқасында бүгінде дәріханалар мен емдеу мекемелеріне қосымша 70 миллион теңгенің дәрі — дәрмегі жеткізілді. Алдағы уақытта тағы да қажетті дәрілермен қамтылады. Ол үшін 852 түрлі дәрілік зат пен медициналық бұйымға тағы өтінім берілген.

Сонымен қатар емделушілер үшін 1 200 провизорлы төсек орын мен 51 мекемедегі күндізгі статционарда 628 төсек орын әзірленді. Бүгін — ертең олардың қатары тағы да артатын болады. Қазір осы қосымша төсек-орындар ашу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ әкімдік жеке меншік клиникалармен келіссөздер жүргізіп, 25 жеке клиникада карантинге қарамастан өздерінде тіркелген пациенттерге МӘМС жүйесінің аясында медициналық көмек көрсететін болды. Бұл бағыттағы жұмыстар күн тәртібінен түспек емес.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу