Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДЕРТТЕН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

ДЕРТТЕН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Шымкент қаласы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 784 адам тіркелген. Солардың ішінде 1 540 науқас симптомдық болса, симптомсызы – 1 244 адам. Осы уақытқа дейін жұқпалы дерттен 669 науқас емделіп шықты. Ал 14 науқас қайтыс болды. Қазір инфекциялық ауруханада 343 науқас ал, провизорлық орындарда – 1 407 адам ем қабылдап жатыр.

Эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу мақсатында қала стационарлары төсек-орындармен, ал дәріханалар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Қала бойынша ауруханаларда 2 380 төсек-орын бар (жұқпалы аурулар — 650, провизорлық – 1 730), олардың ішінде бос орындар – 447 (жұқпалы ауруларға – 123, провизорлық — 324).

Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының базасындағы күндізгі стационарларда қосымша 628 төсек-орын дайындалып, бүгінде сонда 315 науқас ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 350 төсек орын болса, оның 45 –і бос. Ал, қалалық жұқпалы аурулар орталығындағы 200 орынның 20-сы бос. «Атамекен» оңалту орталығында — 100 төсек орын бар. Қазіргі кезде оның 54-і бос.

Күн сайын өңірімізде коронавирус індетін жұқтырған азаматтар жазылып, барлық қиыншылықтарды артқа тастап, ертерек отбасымен қауышуларына тілектеспіз.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу