Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТАЛАПТЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ТАЛАПТЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Еңбекші ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ халық көп шоғырланатын орындарда індеттің алдын алу шаралары бойынша тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

Қаулыға сәйкес, әрбір кәсіпорын санитарлық талаптарды сақтап, бекітілген уақытқа сай жұмыс жүргізуі керек. Мамандар әсіресе ірі сауда орындарында, базарлар мен қоғамдық автокөліктерде санитариялық — ағарту жұмыстарын жүргізуде.

Мобильдік топтар тарапынан карантин талаптарын қатаң сақтау жөнінде 38 коммерциялық құрылымға тиісті ескерту берілді. Карантин режимін бұзған 2 нысанға хаттама толтырылып, сотқа 3 материал жолданды.

Аудан аумағындағы сауда орталықтары, базарлар мен азық — түлік дүкендерінің санитарлық нормаларды сақтауы бойынша мобилдік топ жұмыс жасауда. Осы тұрғыда, аудан әкімдігі тұрғындарға маскалық режимді қатаң ұстануды және адам көп шоғырланған орындарға қажеттілік туындамаған жағдайда бармауды ескертеді.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу