Шымкент қаласындағы №9 қалалық емханасы күндізгі стационар арқылы өкпе қабынуы (пневмония) және басқа да респираторлы вирусты инфекцияларды емдеуге кірісті.
Аталған емхананың филиалдарында күндізгі стационарда 44 төсек орын қарастырылған.
Емханаға тұрғындарға 4 филиал арқылы медициналық қызмет көрсетеді. Оның ішінде үш филиалы науқастарды емдеуге орын дайындалған. Атап айтар болсақ, Коммунизм бөлімшесінде 20 орын, Жаңа Талап тұрғын алабы 16 орын, Тұрлан шағын ауданында 8 орын әзірленген.
Күндізгі стационар медицина қызметкерлері таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін науқастарға демалыссыз емдеу жұмысын жүргізуде.
Казіргі таңда емхананың күндізгі стационарында 179 науқас ем алуда. оның ішінде өкпе қабынуымен — 88 адам, басқа респираторлық инфекциямен — 88 адам. Сонымен қатар, күндізгі бөлімшелер дәрі-дәрмекпен толық қамтылған.
Емханада арнайы іске қосылған Call center байланыс жүйесі арқылы тұрғындарға кеңес беріп келеді.
Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Атап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.
© DIDARBEK.kz