Елорда күніне орай Шымкент қаласы аумағында іске қосылған жобалардың жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Соның нәтижесінде жалпы 288 адам жұмыспен қамтылған. Оларға тоқталсақ, «QagazOrdasy» ЖШС — А4, А3, А2 форматтағы қағаз өндіру фабрикасы; «NURTAU distributioncompany» ЖШС – шоколадты кәмпит және сағыз шығаратын кондитерлік фабрика құрылысы; «PROF AKS» ЖШС – шыны пакеттерге арналған алюминий дистанциялық жақтаулар өндірісі; «NEW TECHNOLOGY» ЖШС — дизельдік генератор зауытының құрылысы; «Арман Агро» ШҚ — көлемі 3.7 га өндірістік жылыжай; «Зәуре» ШҚ — көлемі 3 га өндірістік жылыжай; «Керемет Сапа» жшс – Интенсивті алма бағы; «ККК» ЖШС – құс фермасы; «Нормухамедов» ЖК — бал өндіру.
Айта кетсек, қазіргі таңда қала аумағында құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металлургия, мұнай-химия өндірісі және т.б. салаларда 600-ден аса өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді. Қалада 426 гектар аумақта «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары орналасқан. Аймақтарда 6 мыңнан аса жұмыс орнын құрайтын 125,6 млрд.теңгеге 124 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, 69,1 млрд.теңгеге 81 жоба іске қосылып, бүгінде 4 мыңнан аса жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар, 200 гектар аумақта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы табысты жұмыс істеуде. Аймақта 3 мыңнан аса жұмыс орнын құрайтын 90,1 млрд.теңгеге 42 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда 30,8 млрд.теңгеге 17 жоба іске қосылып, 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Фото: Б. Сейітжаппар
Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы