Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҰЛТ ТАРИХЫНАН НӘР АЛҒАН КЕМЕҢГЕР

ҰЛТ ТАРИХЫНАН НӘР АЛҒАН КЕМЕҢГЕР

Билл Клинтон АҚШ-та өзі Президент болған жылдары «Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық қасиетін бағалаймын» деген еді. Иә, алысты болжайтын американдықтар Кеңес Одағының көп ұзамай ыдырайтынын сезгендей Қазақстан басшысына аса зор ықыласпен көңіл бөлген болатын.

Бұл әңгіме АҚШ-тың мемлекеттік xатшысы Бейкердің Н.Әбішұлын алғаш елшілікке шақырып, Қазақстанның ядролық қоймасы туралы болған әңгімеден кейін, тәжірибелі дипломаттың қыбын тауып дегеніне көндіре алмағанынан кейін шыққан сөз еді!
Әрине бұл мәселеде, дүниежүзінің жұртшылығына Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет статусын қабылдағаны туралы, және алпауыт біраз елдер Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдеме берді!

Мұнан өзге олар біздің елдің тәуелсіздігін, елдігін және қазіргі шекарасын мызғымастығын өздерінің сыйлайтындықтарын растады.
Олар Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Франция еді. Дүние жүзі тағы бір ядролық тероризмнің қауіп қатерінен және ядролық қарудың таралуынан құтылды.
Бұл бастама тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көсемдігі деп бағалар едім!

Біздің алға қарай жылжуымыздың өзі теп-тегіс жолдың үсті емесі анық!
Тулаған теңізде толқынның ырқымен кетпей, көздеген жағалауға нақтылы бағытпен жол салуды Елбасына Алла нәсіп етіпті. Сол кездегі астанаға, Алматы қаласының көшуі халықтың тығыздығы мен экологиялық жағдайы көп әсер етті. Жаңа астананы таңдау басшылыққа алынған кезде Қазақстанның орталығы Ақмола қаласына орналасу болып табылды.
Астананы көшіру Қазақстанды нығайту, бейбітшілігімізді бағыттау болды. Астананы ауыстыру экономикамызды нығайту, дамыту деп санады.

Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды.
Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді – қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы қаншама мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді.

НҰР-СҰЛТАН — Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны! Бүгінде бүкіл әлем сұлулығына тамсанып, болашақтың қаласы деп көз тігіп отыр. Жас, гүлденген астанамыздың әсем де көрікті жерлері өте көп!

НҰР-СҰЛТАН мен үшін әрқашан салтанаттың қаласы, тасы өрге домалап тұрған жандардың мекені болып елестейді.

Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр.
Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады.

 

М. Абдалиева,
Республикалық “Медиаон кз” ақпараттық порталының директор-бас редакторы

 

Пікір жазу