Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 13 шілде — Қаралы күн деп жариялады. Бұл — Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жарияланған 9-шы қаралы күн. Тоғыз саны мүмкін көп сан да емес шығар, алайда, әр оқиғаның себебіне назар салсақ көптеген отандасымыздың әр түрлі оқиға салдарынан көз жұмғаны еңсемізді түсіреді. Осы жылы да әлемді жайлаған індет кесірі күнде қазалы оқиғамен қабырғамызды қайыстырып отыр.
Күн сайын таңертеңнен бастап COVID-19-дан қайтыс болған отандастарымыз туралы естісем жүрегімде бір қимастық сезім пайда болады, көзіме жас толады. Мейлі ол қазақ болсын, өзге ұлт болсын әрқайсысы тәуелсіз еліміздің бірінші байлығы, азаматы. Онымен қоса бейбіт күнде көкте желбіреген жалауымыздың қаралы күнде төмен түскені ел болып еңсеміздің түскенін аңғартады.
Мемлекет басшысы қаралы күнді айдың 13 күні аптаның жексенбі күніне сай келіп тұр. Мұның да бір мәні бар деп ойлаймын. Бұл күні барлық адам үйінде болады. Сондықтан да қазіргі карантин жағдайында әр азамат өз отбасында қаза болғандарды еске алып Құран бағыштайық.
Қадірменді отандастарым! Індет әлі де әлемге сес көрсетіп тұр. Біз бұл мылтықсыз майданды тек қана тәртіпке бағынып қана жеңе аламыз. Қазір Мемлекеттік бас санитар бекітіп берген, сақтық шарасы мен карантин тәртібіне бағыну — ерлікке тең. Көк туымыздың төмен түспеуі үшін барын салып күреске адам да — ер. Елге келген дертті жеңу бір немесе бірнеше адамның күресі емес. Жалпы ел болып, бүгінгі күннен сабақ ала отырып ертеңгі күн үшін тәртіпті қатаң ұстайық.
Серікжан СЕЙТЖАНОВ,
Меценат