Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА АШЫЛДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА АШЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен жергілікті «Ontustik» телеарнасында «Шымкент-адалдық алаңы» телевизиялық бағдарламасы ашылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты — қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу.
Алғашқы эфир Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевпен, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы А.Кенжебековамен, Арнайы мониторингтік топ жетекшісі А.Әссанди және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбармен ұйымдастырылды.

Эфир тақырыбы мегаполистегі дәрі-дәрмек тапшылығы мен оның алдын алу мақсатында атқарған жұмыстарға бағытталды.
Айта кетейік, бағдарлама аясында өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілер мекеме жұмысы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарған жұмыстары бойынша сұхбат беретін болады. Сонымен қатар, аталған бағдарлама қоғам белсенділерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында пікір алмасу алаңы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы телевизиялық бағдарлама Шымкент қаласында алғаш рет ашылып отыр.

 

Пікір жазу