Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Қазақстанды әлемге танытып, туризм саласын дамытуға атсалысып жүрген «Qazaq Geography» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті.

— Сала мамандарымен туризм басқармасы бірлесе бірнеше жобаларды жүзеге асырып, карантинге қарамастан қызу жұмыстар атқаруда. Сол жобалардың бірі — Ескі қала аумағында орналасқан Цитадель жобасының VR-ролигі. Аталған жоба біздің қаламызға келген қонақтар мен тұрғындар үшін қаланы виртуалды тамашалауға таптырмас құрал болып табылады. Неге десеңіз, басқа жақта тұрып, сіз Шымкент қаласының үздік деген туристік нысандарын VR Oculus Go көзілдірігімен көре аласыз, -дейді М.Исахов.

Жобада Цитадельдің ежелгі тарихынан бергі көріністі 3 тілде тамашалауға мүмкіндік бар. Карантин шаралары аяқталған соң Ескі қалашық пен туристік ақпараттық орталықтарды тамашалауға болады.

Айта кетейік, бұған дейін қалада  қала тұрғындары мен қонақтарына мегаполистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес беретін туристік дүңгіршектер ашылған болатын. Туристік орталықтағы барлық ақпараттық қызмет түрлері тегін көрсетіледі.

Пікір жазу