Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТӨҢІРЕГІНДЕ БАЯНДАДЫ

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТӨҢІРЕГІНДЕ БАЯНДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша онлайн брифинг өтті.

Брифинг барысында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов пен Ресейден келген жоғары дәрежелі реаниматолог Денис Цветков қаладағы эпидемиологиялық ахуал төңірегінде баяндады.

Брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Т. Варзилов бүгінгі таңда Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екенін де атап өтті.

— Қалада дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық құрал-жабдықтардың 10 ірі көтерме жеткізушісі бар. Тіркелген 730 дәріхананың 560-ы жұмыс істейді. Жалпы, соңғы 7 күн ішінде Үкімет тарапынан арнайы бөлінген 2 ұшақпен және фарм компанияларының біржолғы рұқсатымен бір ұшақ, Үндістан, Ресей, Украина, Өзбекстан елдерінен 9 жүк көлігі жеткізілді. Бір жолғы рұқсатпен 8 фарм компаниясына дәрілік заттарды қалаға әкелуге рұқсат берілді. Дәрі-дәрмектер қаланың барлық ірі жеке дәріханаларына және 13 емдеу мекемелеріне жеткізілді. Бүгінгі күні қалада дәрілік заттардың негізгі қоры жеткілікті. Оның ішінде температураны төмендететін 47500 қорап, вирусқа қарсы препараттардың 71300 қорап, 65300 антибиотик, 39658 антикогулянттар, с – 22400 витамині, 453122 жеке қорғаныс құралдары бар, — деді Т. Варзилов.

 

Пікір жазу