Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕСКЕРТУЛЕРГЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

ЕСКЕРТУЛЕРГЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Қазіргі таңда шаруалардың еккен егіндерін және мал азығын жинау жұмыстары бастау алды. Өкінішке орай тынбай еткен еңбегінің жемісі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан өртке оранып жатады.

Жолдың жағасына тасталған темекенің тұқылы, ауыл шаруашылығы машиналарынан ұшқан немесе ашық отты пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау — алқаптардағы үлкен өрттердің себебі болып табылады. Тұтанған өртті тоқтату өте қиын. Өйткені кең алқапта үнемі соғатын желдің салдарынан өрши түсетін өрт басқа егістіктерге көшуі мүмкін. Мұндай жағдай үлкен шығынға алып келеді. Тіпті адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Осы орайда Шымкент қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабының тұрғындарының арасында дала-орман өрттерінің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қауіпсіздік ережелерін ескертіп, жадынамалар таратты.
Құрметті қала тұрғындары! Өрт сөндіруші және құтқарушылардың ескертулеріне назар аударып, қарапайым қағидаларды қатаң сақтаңыздар.

 

Пікір жазу