Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТОҒЫЗ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТОҒЫЗ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Оның ішінде бесеуі жаңа мектеп болса, үшеуі қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр — Тәшенов көшелерінің қиылысында орналасқан бір өнер мектебі де бар.

Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды. Жалпы 2020 жылы қалада 13 білім нысанының құрылысы жүрсе, оның ішінде төрт мектеп құрылысы келер жылға өтпелі. Карантиндік шектеулерге қарамастан Шымкентте салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Жалпы нысандардың құрылысына 620 жұмысшы жұмылдырылған.

Сонымен қатар Шымкент қаласының білім ұйымдарында ағымдағы жөндеу аяқталып, 15 мекемеде күрделі жөндеу, 17 мекемеде спорт алаңдары және 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылып іске қосылды. Ал мектеп парталары 18 000-ға жаңарып, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен 30 мектепке турникеттер орнату жоспарлануда.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу