Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов бастаған және құрамында Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілген жұмысшы топ қаламыздағы дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты қазіргі таңда елімізде коронавирус пандемиясы орын алған тұста дәріханаларда аса қажетті дәрілердің болуы және бағаның тұрақтылығы.
Нәтижесінде қаладағы дәріханаларда дәрі — дәрмек тапшылығы бар екені анықталды. Атап айтқанда, парацетомол, дексаметазон, ингавирин, клексан, меропенем, Цеф ІІІ дәрілері дәріхана сөрелерінен табылмады.
Үстіміздегі жылдың шілде айының басынан бері қалалық және аудандық партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тарапынан қаладағы дәріханаларда 140 жуық мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Алдағы уақытта мұндай рейдтік іс шаралар қала аумағында жалғасын табатын болады.
©Өз тілшімізден