Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӘЛЕУМЕТТІҢ МӘСЕЛЕСІ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

ӘЛЕУМЕТТІҢ МӘСЕЛЕСІ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Шымкентте коронавирус індеті салдарынан карантиндық шаралар күшейтілді. Атаулы індетті ауыздықтап, қауіпсіздік шараларын сақтау барысында көпшілік қауымды дәрі — дәрмек тапшылығы, бағаның тұрақсыздығы алаңдатуда.

Осы мәселенің мән жайын анықтау мақсатында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы басшылығы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қаладағы бірнеше дәріханаларға бақылау жасады.

Арнайы ат басын бұрған филиал төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов және журналистер дәріханаларда препараттар тапшылығын және кей жерлерде дәріхана жанындағы егу бөлмелері жабылып қалғанына көз жеткізді. Пандемияға қарсы дәрі — дәрмектерді тізбектеп сұрау барысында басым бөлігі дәріхана сөрелерінен табылмады.
Іс шараның мақсаты дәрі — дәрмектердің табылмауы мен негізсіз қымбаттауының салдарынан жүргізілген болатын.

Нәтижесінде дәрі — дәрмек тапшылығы бар екеніне көз жеткіздік. Алдағы уақытта мұндай рейдтік іс шаралар партиялық бақылау комиссиясы мүшелері тарапынан қала аумағында жалғасын табады. Дәрі — дәрмек бағасы тұрақты түрде партия бақылауында болады.

©Өз тілшімізден

 

 

Пікір жазу