Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЭКСПО – 2017: Жұмат Шанин театры

ЭКСПО – 2017: Жұмат Шанин театры

Қыркүйек айы – Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық академиялық қазақ драма театрының тарихи парақтарында алтын әріптермен жазылатын шежірелі күн болып қалмақ.

Ұлтымыздың мақтанышы – көрікті Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің дүбірлі додасынан Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры қалыс қалмастан, қыркүйек айының 2 жұлдызында сағат 18.00-де Астана қаласындағы Жастар театрында, талғамы биік көрерменмен қауышады. Тамыры терең тарихтан ой толғайтын Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмалық қойылымы, Шаниндіктердің «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесіне қосқан өнер үлесі болып қалмақ.

«Қазақтың келешегі өзгеге емес – өзіне байланысты…» деген Абылайдың өсиеті қазіргі уақытта да өзекті мәселе. Әйгілі Абылай хан, қазақ тарихында даңқты қолбасшы, данышпан хандығымен қатар – ұлы саясаткер болғаны мәлім. Ресей мен Қытай секілді екі алыптың көмейінен қазақ елін, кең-байтақ жерін аман сақтап қалу жолында өшпестей тарихи жолын қалдырған тұлғаның «соңында қалған еліне айтар аманаты не болды екен?..» деген ой баршамызды елең еткізері анық.

Сонау ықылым заманда ел іргесінің бұзылмауы, шаңырағының щайқалмауы үшін қажыр-қайраты мен күш-жігерін, ақыл-ойын сарқа жұмсаған дана қолбасшының ішкі және сыртқы қас-дұшпандарымен алыса-арпалыса отырып, қазақ елін бір тудың астына біріктірген Абылай ханның өмірбаянына көз жүгіртіп, армандаған арманына құлақ асып, ой түйіндейтін қойылым көрермен ықыласын иеленеді.

Қойылымның қоюшы режиссері – Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.

Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.

Театрдың көркемдік жетекшісі – Жұмабек Есимов.

Қойылым қыркүйек айының 2 жұлдызында сағат 18.00 де Астана қаласы Жастар театрында өтеді.

Өз тілшімізден

 

 

Пікір жазу