Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » НАУҚАСҚА ДОНОР БОЛДЫ

НАУҚАСҚА ДОНОР БОЛДЫ

Шымкенттік полицейлер қанға мұқтаж жанға донор болды. Осылайша анықтау басқармасының қызметкерлері қал үстінде жатқан азаматқа қол ұшын созды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Дәрігерлер науқасқа «Асқазан ісігі» диагнозын қойған екен. Тәртіп сақшылары арнайы тексеруден өтіп, қан тапсырды. Қазақстанның әрбір азаматына қолдан келген көмек көрсету борышымыз дейді сақшылар.

Полицейлер қан тапсырып донор болдық деп қарап отырмай қала тыныштығын күзетуге кірісіп те кетті. Төрт аудан аумағындағы мобилді топ түн мезгілінде карантиндік талапты бұзған бірнеше жағдайға куә болды.  Тәртіп сақшылары түн қатып ойынханада компютер ойнап отырған жастарды  анықтаған. Азық — түлік дүкені мен гүлдер сататын жер және түннің бір уағына жұмыс істеп тұрған саунаның жұмысын әшкерелеген. Барлық құжаттар қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды, дейді  Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу