Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Абай ауданындағы 5 тұрғын алап пен 2 шағынауданды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, Жиделібайсын мен Гагарин көшелерінің қиылысынан Көкбұлақ тұрғын алабына дейінгі 28,3 шақырымды құрайтын магистралды су жүйесінің құрылысы да кестеге сәйкес атқарылуда.

Қазіргі таңда Абай ауданының 78,5 пайызы ауыз сумен қамтылған. Аталған құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда ауданда ауыз сумен қамтылатын елдімекендер саны 31-ге жетіп, 87 пайызды құрайтын болады.
Жыл соңында Жаңаталап, Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке — 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алабындағы 3500-ге жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Мердігер компаниялар құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.

Ынтымақ-2 және Батыс шағынауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады. Осы мақсатта биыл бюджеттен 280 миллион теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, Солтүстік саяжай шағын ауданын ауыз сумен қамту жұмыстарына ЖСҚ дайындалған, ал Ақтас тұрғын алабына тіршілік нәрін жеткізу үшін ЖСҚ дайындалу үстінде.
Бұан бөлек, Құрсай шағынауданы (магистралды және ішкі жүйелер құрылысы), Қызылжар және Ынтымақ шағын аудандарын ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.

 

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу