Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ХАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ САҚТАЛУЫН ЖАДЫНАН ШЫҒАРМАУЫ КЕРЕК

ХАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ САҚТАЛУЫН ЖАДЫНАН ШЫҒАРМАУЫ КЕРЕК

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев және Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзиловтың қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде, Шыңғыс Жұмабекұлы қаладағы қалыпқа түсе бастаған эпидемиологиялық ахуал жөнінде сөз қозғады.

– Коронавирус инфекциясының кең таралуын алдын алу мақсатында қалада адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарға насихат баннерлерін ілеміз. Яғни, халық санитарлық нормалардың сақталуын жадынан шығармауы керек. Мәселен, бүгінде бетперде адамның киетін киімі секілді қажеттілікке айналды. Осы қалыпты әлі де сақтауымыз керек. Өйткені індет қайта соғуы мүмкін. Ал ол вируспен күрес көзбен көрінбейтін жұмыс сияқты. Бұл сөзімді медицина мамандарының еңбегін назарға алып айтып отырмын. Өз кезегінде біз Шымкент қаласының әкімдігі ақ халаттылар кәсіби жұмыс істеуіне жағдай жасауымыз қажет, – деді Ш.Мұқан.

©Өз тілшімізден

Фото: Серик Косаев

Пікір жазу