Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ 222 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН БАСТАЙДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 222 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН БАСТАЙДЫ

Биыл 1 қыркүйектен бастап оқу жылы қашықтықтан оқыту форматында басталады. Ал жаңа оқу жылында қала мектептерінің табалдырығын 222 мыңнан астам бала  бастайды, деп жазады  Шымкент қалалық білім басқармасы хабарлайды, деп жазады DIDARBEK.kz.

Бастауыш сынып оқушылары үшін ата — аналардың өтініштері негізінде қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, 996 кезекші сынып жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта 15-тен аспайтын бала болуы мүмкін. Кезекші сыныптарда оқуға арналған өтініштер электронды түрде қабылданады.

Қашықтықтан оқыту форматында 207 110 бала (92,3%), кезекші сыныптарда 14 940 бала (6,7%) білім алады деп күтілуде.

Балабақшаларға балалар да ата — аналарының қалауы бойынша кезекші топтарға қабылданады. Оларда 15-тен көп бала болмайды.

Ал, шалғай елді мекендердегі ғаламтор мәселесін шешу үшін басқарма «Қазақтелеком» АҚ-на жүгініп отыр. Жақын арада оң шешімін табатындығын айтады. Биылғы жылы балалардың мектеп формасын сатып алмайтындығын ескерсек, сол қаражатқа қашықтан оқуға қажетті құралдарды сатып алған құба-құп, — дейді басқарма өкілдері.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу