«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қаратау ауданының әкімі және жер қатынастар, қала құрылысын бақылау басқармасының жауапты мамандарымен, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Азат» шағынауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Негізгі жұмысы — даулы учаскелердің мәселесін дұрыс шешуге ықпал ету. Тұрғындардың басындағы күрмеулі мәселе біраз уақыттан бері шешімін таппай келген еді. 5 азамат бұрынғы жер иесімен келісіп, учаскесінің шекарасын анықтап жатыр. Тағы 2 тұрғын үй орналасқан учаскенің мәселесі шешілуге жақын. Құжаттарды рәсімдеп, тиісті мекемеге тапсырады. Ал қалған азаматтардың құжаттары жиналып, бір апта ішінде егжей — тегжей зерделенеді.
Кездесу кезінде тиісті сала басшылары түсіндіріп, жер учаскесі иелерінің бір тоқтамға келгенінен даулы 7 учаскенің мәселесі шешілді. Қалған азаматтарға кәсіби түрде құқықтық көмек көрсету үшін «Әділет групп» компаниясы мен тиісті сала өкілдері әр сәрсенбі күні келіп, тұрғындармен кездесетін болды.
©Өз тілшімізден