Шымкентте Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жұмыстары жалғасуда, деп жазады Шымкент қаласының полиция департаментіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қаулысы негізінде Шымкент қаласында Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейінгі еліміздің аумағына кіргізілген көлік құралдарын тіркеуге алу жұмыстары жалғасуда.
Қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды. Оған 695 теңге (0,25 АЕК) — тіркеу үшін алым; 3 773 теңге (1,25 АЕК)- көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж; 7 778 теңге (2,8 АЕК)- мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді.
Азаматтар көлік құралдарын Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 10-15 минут ішінде тіркей алады.
Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы аумағында Армениядан әкелінген автокөліктердің 258, яғни 65,8 пайызы тіркелді. Одан бөлек полиция қызметкерлері Армения Республикасынан әкелінген автокөліктер бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.