Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БИЗНЕСІҢІЗДІ ҚАЙТА БАСТАУ ҮШІН «INFOKAZAKHSTAN» ПЛАТФОРМАСЫНА ТІРКЕЛІҢІЗ

БИЗНЕСІҢІЗДІ ҚАЙТА БАСТАУ ҮШІН «INFOKAZAKHSTAN» ПЛАТФОРМАСЫНА ТІРКЕЛІҢІЗ

Шымкент қаласында 17 тамыздан бастап шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша шешім қабылданды. Осыған орай кәсіпкерлік нысандар өз жұмысын қайта бастауды «InfoKazakhstan» бірыңғай порталы арқылы жүзеге асыруы тиіс. Бұл платформаға тіркелу 4 қадамнан тұрады:

1-қадам. «InfoKazakhstan» сайтына кіріп, ұйымыңызды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, кәсібіңізге қойылған талаптармен танысыңыз. Бизнестің жекелеген түрлері жұмысын тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастай алады.

2-қадам. Нысанды талаптарға сай дайындап, жұмыс істеуге дайындығыңызды электронды өтінім беру арқылы растаңыз.

3-қадам. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру жүргізуін күтесіз.

4-қадам. Тексеру жүргізілген соң нәтиже оң болса, онда жеке кабинетте жұмысты қайта бастауға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін жүктеп алу қажет. Егер нәтижесі теріс болса, онда олқылықтарды реттеп, өтінімді қайта жіберіңіз.

Өтінімді «InfoKazakhstan» сайтына бергеннен кейін, сауда, сондай-ақ адамдар көп шоғырланатын нысандарына санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру жүргізілетіні және тек сол тексеру нәтижесінен кейін ғана нысанды ашуға рұқсат берілетінін кәсіпкерлердің назарына жеткіземіз.

Айта кетейік, бұл сайтта әкімдіктер, санитарлық дәрігерлер, полиция, өңірлік палаталар және тұтынушылар лигасы өкілдерінен құралған тұрақты мониторингтік топ жұмыс істейді. Ресурс қызметін бір мезгілде 150 000 тұтынушы пайдалана алады. Ал сұрақтарды бірыңғай байланыс-орталығына 1432 (қоңырау шалу тегін) қоңырау шалып, қоюға болады.

Ескерту! Рұқсат берілетін нысандар:

Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда желілері, жабық базарлар, сән салондары, шаштараз, СПА орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін кәсіпкерлік субьектілер, бассейні жоқ фитнес орталықтар, бассейні жоқ моншалар мен сауналар, білім беру орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары және ашық ауадағы аттракциондар.

© DIDARBEK.kz

 

 

Пікір жазу