Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЛЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЛЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласында қоғамдық көлік саласын жаңғырту басты назарда. Қалаға соңғы жылдары жаңа қоғамдық көліктер алынып, кезең — кезеңімен бұл мәселені де ретке келтіруде. Автобустар паркін жаңарту, электронды билет жүйесін енгізу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Уақыт сәтімен, кезең кезеңімен аталған мәселелер шешімін табуда, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынды. Қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесін енгізу жобасы «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады.

Қазіргі күні құрылғылар кедендік процедураларын өтіп, ҚР ҰҚК-нен информатикалық қауіпсіздік сертификатын алуда.

Құрылғыларды Шымкент қаласына алып келу, содан соң екі аптаның ішіне құрылғыларды монтаждау және бағдарламаны тексеру, әрі қарай бағдарламаны тесттік режимде тексеріп, 1 қарашада пайдалануға беру жоспарланып отыр.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу