Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: 10 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: 10 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛАДЫ

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» телеарнасында өткен «Әкім сағаты» бағдарламасында айтты.

«Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде соңғы 3 жылдан бері электр энергиясының жетіспеушілігі орын алуда. Аталған мәселені шешу мақсатында қуаттылығы 220 кВ «Бозарық» қосалқы станциясы салынып жатыр» — деді әкім.

220 кВ қосалқы станциясының және әуе желісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер мекеме «Аврора Констракшен» ЖШС жүргізуде. Бұл жұмыстарға бюджеттен 9,7 млрд. теңге қаржы бөлінген екен. Бүгінгі таңда нысан құрылысы 90% аяқталған. Станция жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, «Ақжар» және «1-М-1» қосалқы станциялары салынуда. Әрқайсысының қуаты 110 кВ. Құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Осы қосалқы стацияларды іске қосу арқылы 10 елдімекеннің мәселесі шешіледі.

 

Пікір жазу