Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТІК МҰҒАЛІМДЕР АЛҒЫСЫН БІЛДІРУДЕ

ШЫМКЕНТТІК МҰҒАЛІМДЕР АЛҒЫСЫН БІЛДІРУДЕ

Шымкент қаласының мұғалімдері мектепке арнайы портал (www.hr.process.kz) арқылы жұмысқа орналасқаны үшін алғысын білдірді.

Математика пәннің мұғалімі МӘДИ РАЙЫМБЕК өз пікірімен бөлісті:
“Мен 30 тамызда 25-ші мектепке конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсырдым. Бүгін сұхбаттасудан өттім. Бәрі ашық, әділ және адал өтті деп сеніммен айта аламын. Қазір өз мамандығыммен жұмыс істей алатыныма өте қуаныштымын. Осындай порталды іске қосқаны үшін барлық әзірлеушілерге алғысымды білдіремін” — деді педагог

Сонымен қатар, мұғалімдер конкурсқа өткен үміткерлер сұхбаттасудан өтудің кемшілігін атап өтті.

БЕРКОЛОВА ВАЛЕНТИНА — ағылшын тілі мұғалімі:
“4-ші мектепке шет тілі мұғалімі лауазымына конкурсқа қатысуға өтініш жібердім. Телефонға сұхбаттасудың өту күнімен уақыты көрсетілген СМС-хабарлама келді. Мысалы: сұхбат таңғы 9:00-де өту керек еді, бірақ іс жүзінде сағат 17:00-ге ауыстырылды. Әрқайсымыз осы жерден кетуден қорқамыз, өйткені кез-келген уақытта шақыруы мүмкін — дейді мұғалім

Бұл мәселені Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жеке бақылауға алды. Ол қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиеваға алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Есіңізге сала кетейік, әкімнің тапсырмасымен жуырда www.hr-process.kz жұмысқа қабылдау порталы іске қосылды. Шымкент мектептері бос жұмыс орындарын осы сайтқа салып отырады. 139 білім ұйымы тіркелді. Күні бүгін 144 бос жұмыс орны орналастырылды. Түрлі критерийлер бойынша кандидаттың қаншалықты лайықты екенін 75 пайызға ақпараттық бағдарлама шешіп береді. Қалғанын комиссия шешеді. Комиссияны жасақтағанда да тәуелсіз әрі білікті адамдарға басымдық беріледі.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу