Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » BI GOUP ШЫМКЕНТКЕ 135 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ДАЙЫН

BI GOUP ШЫМКЕНТКЕ 135 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ДАЙЫН

Өткен аптада BI Group компаниясы Шымкентте қаланың солтүстік бөлігінде 500 мың шаршы метр аумақта заманауи әкімшілік-тұрғын үй орамның құрылыс жобасын ұсынды.
Бәйдібек би даңғылындағы ипподром орнында пайда болатын болашақ кешен тұжырымдамасының таныстырылымына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, компания басшысы Айдын Рахымбев қатысты.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев осы жобаны іске асырған жағдайда қаланың даму мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндіріп берді.

– Бұл өте үлкен жоба. Жоба іске асырылған жағдайда, ондағы инвестиция көлемі 135 миллиард теңге, салықтық жеңілдіктер шамамен 15 миллиард теңгені құрайды. Құрылысқа жалпы 6000-ға жуық адам тартылады. Ал құрылыс аяқталғаннан кейін әлеуметтік және коммерциялық нысандарда шамамен 2500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Мектептер, балабақшалар, білім беру орталықтары және тағы басқа нысандарды салу көзделіп отыр, – деді Б.Мамыталиев.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, BI Group әзірге тек өз тұжырымдамасын ұсынды. Барлығы егжей-тегжейлі пысықталғаннан кейін, Шымкентте қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

– Егжей-тегжейлі жоспарға қала әкімі қоғамдық тыңдаулардың оң нәтижелерінен кейін, яғни жобаны көпшілік қолдаса ғана қол қояды. Егер азаматтардың көпшілігі жобаны қабылдамаса, біз оны жүзеге асырмаймыз. Бірақ бұл жобалар мегаполистің ұзақ мерзімді дамуы аясында қолға алынатынын тереңінен түсіну қажет.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу