Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ОДАН ӘРІ ТАРТЫМДЫ БОЛА ТҮСПЕК

ОДАН ӘРІ ТАРТЫМДЫ БОЛА ТҮСПЕК

BI Group компаниясы жобасын ұсынған заманауи әкімшілік — тұрғын үй орамның қаланы одан әрі дамытуда зор әлеуеті бар. Бұл орам Наурыз алаңын Shymkent City қалашығымен байланыстырады және бұл аумақ одан әрі тартымды бола түседі.

Ипподромды көшіру 2018 жылы, Шымкенттің бас жоспары өзектендіріліп, қалаға республикалық мәртебе берілген кезде жоспарланған еді. Сол кезде жаңа ипподромның құрылысына шамамен екі миллиард теңге қажет болды. Егер жаңа әкімшілік-тұрғын үй кешенінің жобасы мақұлданса, ипподромды BI Group өз қаражатына салып береді, – деді қала әкімінің орынбасары.

Жалпы бұрынғы ипподромның жері BI Group-қа тегін берілмейді. Жер Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының үлесіне беріледі. Және ӘКК оны инвестициялық жоба ретінде жүзеге асырады.

Сондай-ақ, BI Group тұжырымдамасында орам аумағында ерекше балаларға арналған «Жұлдыз-ай» оңалту орталығын салу қарастырылып отыр. Мұндай орталықтар әзірге Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында ғана бар.

Бауыржан Жаймұрзынұлының айтуынша, осы уақытқа дейін бірде-бір жеке компания Шымкентке 135 миллиард теңге инвестиция салмаған.

Қала әкімдігі құрылыс жұмыстары дендросаябақ аумағына жақындамайтынын да мәлімдеген еді. Өйткені, ол ерекше қорғалатын аймақ. Бірақ ТМД-ның мәдени астанасы жылы аясында салынған уақытша құрылым этноауыл бұзылады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу