«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2017 жылғы 7 қыркүйекте тегін медициналық кепілдердірілген көмектің берілетін көлемі тізбесі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастырудың басталғанын жариялады. Өтінімдерді қабылдау 7 қыркүйектен басталып, 13- қыркүйек күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
Дерекқорға қосу үшін өтінім, өтінімге қосымша денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін жүргізуге уәкілетті жауапты адамдар туралы мәліметтер қоса беріледі.
Рәсімге қатысуға арналған өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалдарына ұсынады.
Оңтүстік Қазақстанда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ОҚО бойынша филиалында (мекенжайы: Шымкент қаласы, əл-Фараби ауданы, Т.Әлімқұлов көшесі, №12 үй, № 19- кабинет) қабылданады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мынадай телефондар арқылы алуға болады: 8 (7252) 530870, 8 (7252) 530906. Сонымен қатар, ontustik.gov.kz сайтынан мына сілтеме http://ontustik.gov.kz/kk/pages/habarlandyru-19 бойынша толық мəлімет алуға мүмкіндік бар.