Шымкент қаласында коронавирусқа қарсы медициналық оқу — жаттығу жұқпалы аурулар орталығында жалғасты, деп жазады қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Қалада COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу — жаттығу өтуде. Солардың бірі Асар шағынауданындағы қалалық Жұқпалы аурулар орталығында жалғасты.
Оқу-жаттығу барысында науқастың шақыртуының «103» пультіне түскен сәтінен бастап, тиісті белгілері болған жағдайда стационарға жатқызуға дейінгі бағытының бастан аяқ алгоритіміне баса назар аударды. Бұл қабылдауды дəрігер Гүлнар Исабаева жүргізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты — қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске барынша дайындығын пысықтау.
Айта кетейік, іс-шараға инфекциялық және провизорлы стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан барлық БСМК (бастапқы медициналық санитарлық көмек) ұйымдары қатысуда. Оқу — жаттығу жұмыстары 36 БМСК ұйымы, 9 диагностикалық орталық, 7 ПТР зертханасы жұмылдырылуда.
Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтап, вирусты инфекцияның артуын азайту өзімізге байланысты.
© DIDARBEK.kz