Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕН 173 АЗАМАТ ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН 173 АЗАМАТ ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСУДА

Шымкентте «NUR OTAN» партиясы праймеризінің қатысушылары арасында ашық пікірсайыс додасы басталды. Бүгінгі таңда праймеризге қала бойынша 173 азамат қатысуда.

Праймериздің үшінші кезеңіне сәйкес алғашқы дебаттар Абай ауданы бойынша қатысушылар арасында күніне 2 мезгіл өткізіліп, оған 28 үміткер қатысқан.

Бүгінгі өткен праймеризге қатысушылардың пікірсайысына «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

— Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жаңа бастамасы – адалдық пен ашықтықтың жаңа үлгісін көрсетіп отыр. Осы арқылы партияның ашықтықты қолдайтынын және халықпен бірге екенін көруге болады. Мұнда ашық диалог кезінде қолданысқа енгізуге болатын түрлі ұсыныстар да айтылып жатыр. Саяси додаға қатысып жатқан барша әріптестерге сәттілік тілеймін, — деді филиал төрағасы.

Айта өтейік, 7 — 14 қыркүйек аралығында партияішілік іріктеудің екінші «үгіт» кезеңі – өтті. Екінші кезең бойынша 570 кездесу өткізілген, оның 239-ы онлайн-форматта өтті. Кездесулерге 21 мыңнан астам партия мүшелері тартылды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде насихаттау жұмыстары жүргізілген.

Ал, 14-30 қыркүйек аралығында қатысушылар арасында ашық пікірсайыстар өтеді. Олардың тәртібі жеребе бойынша анықталған. Ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жарыссөздер кестесі мен орны Primaries веб-сайтында және партия филиалының ресми аккаунттарында жариялануда.

Дебаттар эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып өткізілуде, бөлмелерде зарарсыздандырғыштар орнатылған. Сондай-ақ, медициналық бетпердесіз келген қатысушылар мен көрермендерге алдын-ала медициналық маскалар дайындалып, кіреберісте контактісіз тәсілмен дене қызуы тексерілуде.

Пікірсайыстар партия филиалының ресми аккаунттары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу