Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛУДЕ

ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛУДЕ

Шымкент абаттанған көшелер тұрғындар игілігіне берілуде, деп жазады қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Шымкентте бірқатар көшелерде жол — құрылыс жұмыстары аяқталды. Қыркүйек, қазан айларында абаттанған көшелерді тұрғындар игілігіне беру жоспарланғанын бұған дейін хабарлаған едік.

Атап айтқанда, Самал-2 шағынауданындағы Ризалық көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме «Сиқым Олжас» ЖШС-і құрылысты жоспарға сай атқарды. Көшенің ұзындығы — 800 метр, ені — 5 метр.

Таскен тұрғын алабындағы №115 мектепке баратын атауы жоқ көшеге жаяу жүргіншілер жолын орнату жұмыстары «Сиқым Олжас» ЖШС-гі тарапынан орындалды. Жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы — 680 метр. Бүгінгі таңда аяқ жол пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, Жаңаталап тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге орташа жөндеу және жаяу жүргіншілер жолын орнату («Достық СпецТранс» ЖШС-і), Ақниет шағынауданы Рауғаш көшесінде орташа жөндеу («Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і), Ынтымақ шағынауданы Жібек жолы көшесінде орташа жөндеу жұмыстары («Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і) толығымен аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу