Жүргізуші куәлігін ауыстырудың екі жолы бар:
АвтоХҚКО-ға бару және онлайн.
Мамандандырылған ХҚКО-ға жеке басты куәландыратын құжат; мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек ала бару керек. Мұндағы қызмет көрсетудің орташа уақыты – 2 сағат. Қазіргі таңда бұл қызметті алдын ала кезек брондау арқылы ғана алуға болады. Кезекті телеграм-бот, 1414 бірыңғай байланыс орталығы, Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілері немесе электронды үкімет порталы арқылы брондауға болады.
Ал электронды порталда мемлекеттік қызметті алудың балама мүмкіндігі бар.
Оның алгоритмі:
* Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөліміне өту;
* Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қою. Өтінімге фотосурет және қол қою үлгісін тіркеу қажет (фотосурет пен қолтаңбаның сканерленген бейнесіне қойылатын талаптар порталда бар). Қызмет көрсету кезінде мемлекеттік бажды төлеу кезінде арнайы ХҚКО орналасқан жері бойынша салық басқару органын таңдау қажет;
* Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) қалыптастырылған электронды өтінішпен танысу, оны арнайы ХҚКО ұсыну қажет. «Қызметтерге ақы төлеу тарихы» бөлімінде — жүргізуші куәлігін беру үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы электронды чекпен. Барлығын басып шығару керек;
* Жеке басын куәландыратын құжатпен және айырбастау үшін жүргізуші куәлігімен мамандандырылған ХҚКО-ға бару.
Бұл ретте портал арқылы қызмет көрсету мерзімі – 1 сағат. Бұл уақытты екі есе үнемдеу! Бұл жағдайда кезекті брондау қажет емес. Дайын құжатқа келу керек.
Шымкенттегі мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық ш/ауд.,
№2 арнайы ХҚО: Ташкент айналма жолы, 341.
№3 арнайы ХҚО: Қызылжар м.а., Жиделібайсын көшесі 92. «Бекжан-комфорт».
© DIDARBEK.kz