Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ШЕКТЕУЛЕРГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ: ШЕКТЕУЛЕРГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен жаңа Қаулыда енгізілген өзгерістер жəне қаладағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде брифинг өтті.

Баспасөз мəжілісінде спикер Болат Бахтиярұлы қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы жеткізді.

– Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 20 қыркүйегі аралығында коронавирус пандемиясымен 5186-ы жағдай тіркелді. Жалпы қарым-қатынаста болған 9649 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған. Бүгінде карантиннен алынғаны – 8700. Оның 4581-і сауығып шыққан. Ал 539 науқас ем алу үстінде, – деді Болат Нұрманов.

Бұл орайда Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №38 Қаулысы жайында жеткізсек, кейбір нысандардың жұмысына жеңілдету шаралары енгізілді.

Алайда кейбір нысандардың жұмысына жеңілдету шараларын енгізілгеніне қарамастан, тыйымдар сақталуда.

Мəселен:
– Жеткізу және шығару режимінде қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын қоспағанда 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынды;

– Кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салынды, ашық кинотеатрлардың жұмысы бетперде тағу режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілді жəне өңіраралық автобус пен шағын автобустардың жүруіне тыйым салынды.

Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі басшысының айтуынша, қалада өткен тәулікте коронавирустық инфекциясымен ешқандай жағдай тіркелмеген.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу