Бүгінде білім ордаларының материалдық — техникалық базасын нығайтуда бірқатар жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – «Жас маман» бағдарламасы.
Аталған жоба аясында Шымкент қаласының «Жол — көлік колледжі» МКҚК-ның материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттар талаптарына сай заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін қаржы бөлінген болатын. Негізгі мақсат – еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау, орта білім алған мамандардың кәсіби біліктілігін артыру.
Таяуда оқу орнының 1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және 1303000 – «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.
Қазіргі таңда 40-қа жуық құрал-жабдық колледж базасына толық орнатылды.
Атап айтқанда, «Bosch FSA 740 Автокөлік жүйелерінің диагностикалық кешені», «LAUNCH X431 Pro 3 диагностикалық мультимаркалы сканері», «Слесарлық верстак GEFEST-ВС», «Автомобиль диагностикалық сканері launch HD box III», «Гидравликалық штабелер SFH 1516» және тағы басқа құрал-жабдықтар заманауи соңғы үлгіде.
© DIDARBEK.kz