Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » 83 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

83 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Әл-Фараби ауданында 83 көпқабатты үйдің ауласы абаттардырылды, деп жазады қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінде Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үй аулалары көркейіп, жаңа кейіпке енуде. Мәселен, Әл-Фараби ауданы аумағында биыл 83 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды. 18 спорт алаңшасына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аулаларда заманауи ойын элементтері мен орындықтар, қоқыс жәшіктері мен тренажерлық алаңшалар орнатылуда. Бұл өзгерістер ауданның  тұрғындарына жақсы жаңалық болып отыр.  Тұрғын үй ауласындағы жап-жаңа балалар ойын алаңшалары да бүлдіршіндердің қуаныш сыйлауда.

Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары қатаң бақылауға алынып, жауапты мамандарға сапалы әрі уақтылы атқару тапсырылды.

Жалпы бүгінде аудан әкімдері тұрғындармен онлайн қабылдау өткізуде. Таяуда Ғабит Патшаханұлы онлайн қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тұрғындармен кездескен болатын. Кездесу барысында мәселелердің оңтайлы шешілу жолдары қарастырылып, тиісті бөлімдерге тапсырмалар берілді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу