Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал — майоры Ералы Жумаханбетов кезекті қабылдауын өткізді, деп жазады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолғы қабылдауға 30-ға жуық азамат алдын ала жазылған. Тұрғынадырдың басым бөлігі алаяқтық, заңсыз жер телімдері және бос лауазымдық жұмыс орындарына қатысты сауалдарын қойды.

Мәселен, қала тұрғыны жалған құжат рәсімдеу арқылы жер телімін заңсыз сатып жіберген күдікті мен сыбайластарының заңды жазалануын сұранды. Ал келесі азамат белгісіз тұлға қомақты қаржысын жымқырып кеткенін айтып, айыптылардың жазалануын сұрады.

Сондай-ақ жеке кәсіпкер Абай ауданы Полиция басқармасындағы қылмыстық істің барысын Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтен жеке бақылауына алуын өтінді. Жалпы қабылдауға жазылған азаматтардың өтінішін мұқият тыңдаған департамент бастығы өзекті мәселелердің заң аясында шешілетінін жеткізді.

Әділдікті, адалдықты жақтамайтын жан жоқ! Істеріңізге тек қана сәттілік!

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу