Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ОТБАСЫ ЖӘНЕ ГЕНДЕР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ӨҢІРЛЕР БАСТЫ РӨЛ АТҚАРАДЫ»

«ОТБАСЫ ЖӘНЕ ГЕНДЕР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ӨҢІРЛЕР БАСТЫ РӨЛ АТҚАРАДЫ»

25 қыркүйек күні ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанованың басшылығымен Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссиясы мүшелері мен жергілікті үкіметтік емес ұйымдар басшыларының қатысуымен жедел онлайн-кеңес өткізілді.

Ұлттық комиссия мұндай кеңестерді барлық өңірлердегі комиссияның мүшелерін және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін кеңінен қатыстыра отырып, аймақтағы отбасы және гендерлік саясаттың жүзеге асырылу мәселелерін және Қазақстан Республикасындағы 2030 жылдарға дейінгі отбасы және гендерлік саясатты жүзеге асыру Тұжырымдамасында бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізілу шараларын талқылау мақсатында жоспар бойынша өткізуде.

Ләззат Рамазанова, ана мен бала денсаулығы, әйел құқығы, оның еңбегінің сақталуы, оның барлық деңгейдегі мемлекеттік және корпоративтік секторларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету мәселелері — ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың үнемі назарында екендігін атап өтті.

«Еліміздің дамуында Шымкент қаласының алар орны ерекше. Әсіресе өңірдің қазіргі экономикалық, әлеуметтік потенциалын қалыптастыруда шымкенттік әйелдердің де үлесінің жемісін көріп отырмыз» — деді Ұлттық комиссия төрайымы Ләззат Рамазанова.

Онлайн-кеңес барысында әйелдердің қоғамдағы, саясаттағы және шешімдер қабылдау деңгейіндегі рөлінің маңыздылығы аталып өтілді. Бүгінде елде өтіп жатқан праймеризге қатысушы әйел азаматтарына жан-жақты қолдау көрсетілу қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ, отбасында зорлық-зомбылық көрген әйелдердің, жалғызбасты және мүгедек балалары бар аналардың құқықтарын қорғау сияқты маңызды мәселелердің себептері мен шешу жолдары қарастырылды.

Қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Өңірлік комиссияға бірқатар ұсыныстар берілді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу