Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөнінідегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы болып Айтбаев Ерлан Садырбайұлы тағайындалды.
Ерлан Садырбайұлы 1986 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ — түрік университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығында және М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтында заңгер мамандығы бойынша білім алған.
Алғашқы қызметін 2007-2012 ж.ж – «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық Жастар Қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры болып бастаған. Одан соң 2012-2014 ж.ж – «Шымкент жастары» мекемесі директорының уақытша міндетін атқарушы, 2014-2017 ж.ж Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» КММ директоры, 2018-2018 ж.ж «Шымкент қалалық мәдениет үй» МКҚК директорының орынбасары болып, 2018-дан бүгінгі күнге дейін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыру бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
Шымқалалық жастардың жанашырына айналған Ерлан Садырбайұлын шын жүректен құттықтаймыз!
© DIDARBEK.kz