Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері «COVID-19» инфекциясының алдын алу мақсатында қала тұрғындарына 500 дана тегін бетперде таратты.
Мақсат азаматтарға бетпердені ұдайы тағып жүру қажеттігін айтып, сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру еді. Айта кетейік, осыған дейін Шымкенттік полицейлер bizbirgemiz республикалық акциясына да атсалысып 2500 дана бетперде, сондай-ақ антисептик пен резенке қолғап сынды қорғаныш құралдарын үлестірген болатын. Қауіпті індетпен күресу барысында медицина қызметерлерімен бірге полицейлер алдыңғы шепте жұмыс атқарып келеді, деп хабарлады Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.
Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Атап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.
© DIDARBEK.kz